30 сәу, 2021 сағат 15:05

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында допинг тестіден өтті


Аралас стильде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов Америка антидопинг агенттігі (USADA) желісі бойынша тыйым салынған заттарды қолдануға кезекті тексерістен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жалғас Instagram Stories-ке суретін жариялап, оны «USADA жетінші тесті. Таңғы 7» деген жазумен толықтырған. 

Еске сала кетейік, Жұмағұлов өзінің UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындық үстінде – 11 шілдеде Лас-Вегаста UFC 264 турнирінде америкалық спортшы Джером Риверамен айқасады. Бұған дейін қазақстандықтың әлемдегі танымал MMA лигасындағы ойындары сәтсіз аяқталды: екі жекпе-жекте де төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.