04 там, 2021 сағат 12:53

Жаңа оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың мерзімі бекітілді


Білім және ғылым министрі Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжат бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалды: 

1) Жаңа оқу жылы әдеттегідей 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады. 

2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 аптаға, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 аптаға жетеді. 

Каникул кезеңдері: 

Бүкіл сыныптарда 

- күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), 

- қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), 

- көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында). 

1-сыныптарға арналған қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында) болып белгіленді.