14 ақп, 2025 сағат 16:02

Жаңа технологияларды өзіміз жасауымыз керек – IT ғалым

Фото: dknews.kz


Осы күні жасанды интеллект арқылы адамдарды бақылау күшейген. ЖИ өмірді жеңілдетті дегенімізбен, қауіпті тұстары да аз емес. Дегенмен жасанды интеллект ғылым саласында едәуір алға озып шыққаны рас. Сонымен «Жасанды интеллект адам өмірін қалай өзгертті?», «Қандай салаларда кеңінен қолданылады?», «Жасанды интеллект адамнан озып кетуі мүмкін бе?», «Қазақстанда жасанды интеллект саласы қалай дамып жатыр?» деген сияқты сұрақтардың жауабын іздеп, Ult.kz тілшісі ҒЖБМ ҒК «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» РМК бас директорының орынбасары Өркен Мамырбаевтың пікірін білді.


Алдымен Қазақстанда жасанды интеллект және технологиялық инновация салаларында бірнеше қызықты әрі сәтті жобалар іске асқанын айта кеткеніміз жөн. Бұл туралы материалдың соңында тағы толықтырамыз. Әзірге IT ғалым Өркен Жұмажанұлы жасанды интеллект деп адамның санасы сияқты әртүрлі функционалды функцияларды басқара алатын күрделі механизмді атады. 



Фото: Ашық дереккөз


«Қазір ғылым саласы ретінде жасанды интеллекті шешетін күрделі есептер бар. Соларды шешу процесінде, мысалы, жер қойнауын зерттеу, ғарышты игеру секілді салаларды автоматтандыруға тура келді. Адам баласының қолы жетпейтін жерлерді, жүйелерді автоматтандыру, интеллектуалды жүйелерді енгізу, жасанды интеллектінің пайда болуына әкелді. Соның біріқарапайым ChatGPT, мысалы сіз сұрақ қоясызол энциклопедия сияқты мәтінді құрап, талдау жасап, түсіндіріп береді. Сол сияқты әртүрлі, күрделі жасанды интеллекті бар, өндірісте, ғарыш саласында қолданылады. Осындай жасанды интеллектілер автоматтандырылған процесте немесе технологиямен қатар дамып отырды. Сондықтан ғылым, технологияның даму барысында жасанды интеллект те барынша дамып, жетіліп келе жатыр. Жасанды интеллект өмірімізді барған сайын жеңілдетеді. Киім-кешек, тауар сатып алу барысында ЖИ көмегімен кез келген тауарды тауып, сатып аласыз. Күнделікті машина сату, үй сатып алу процесінде жасанды интеллект белгілі бір сомасына, параметріне байланысты сұраныстарыңызды саралап, қалауыңызды алдыңызға әкеле қояды. Соның ішінде талдау жасап бере алады. Қарапайым реферат жазуда сіз ChatGPT-ді қолдана аласыз. ЖИ кен өндірісінде қолданылады, адам түсе алмайтын тереңдікті роботтардың саналы түрде жұмыс істеп, белгілі бір минералдарды өндіріп беруі немесе химия процесінде әртүрлі химиялық реак­цияларды қадағалауы мүмкін, немесе ядро өнеркәсібінде, өзіңіз білесіз, синтез жүріп жатады, жоғары температурада жұмыс атқарылуы керек болады, яғни мұнда да ЖИ көмегіне зәруміз. Яғни адамның атқаруы қиын жұмыстың көбін жасанды интеллект басқарып, өмірді барынша жеңілдетіп келе жатыр. Жеңілдеткен сайын даму, күрделі есептерді шешуге жол ашылады. Ғылыми техникамыздың қарыштап дамуына, жұмысымыздың жеңілдеуіне ЖИ осындай үлкен мүмкіндіктер беріп, ықпал етеді», – дейді Өркен Мамырбаев


Маманның айтуынша, әрқашан білікті, білімді адам роботты басқарады. Өркениетке ілесе алмасақ,  жаңа технологияларды меңгермесек, қолданбасақ, артта қаларымыз анық. Яғни жаңа технологияларды өзіміз жасауымыз керек. Оның сөзінше, Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін өзімізге керек ақпараттарды электронды жүйеге енгізу керек. Мысалы, Америка осыған дейінгі өзінің есептерін электронды түрде бір жүйеге сақтап отырды. Осы мәліметтері өсіп, миллиондаған ақпарат пайда болған кезде әлгі ақпаратты суырып алу арқылы жасанды интеллектіні үйреткен. Ал содан ақпаратқа талдау жасау арқылы интеллект дамып отырды


«Біз де бүкіл жүйені, ақпаратты электронды нұсқада сақтап, оларды жүйелі құрып отырсақ, жасанды интеллектінің өзін жасауға мүмкіндік барын, осы саланы дамыта беретінімізді түсінеміз. Арнайы серверлерімізге суперкомпьютерлер орталығын ашып, сол орталықтарда деректер сақтауымыз қажет. Ол деректерді арнайы талдау жүйелерін анықтап және оған жасанды интеллектіні орнатып, деректерді басқарып, керекті сұрақтарға жауап беретіндей жүйе құру маңызды. Ал қандай мәселелерге назар аударуымыз қажет дегенде, ең бірінші, стандарттарды анықтау, білікті мамандар даярлау, қажет құжаттармен, бағдарламалармен, техникамен қамтамасыз етуді ойластырған жөн. Арнайы институттарды дамытып, Үкімет пен нарықтағы компаниялармен байланыстыруымыз да керек», – дейді Өркен Жұмажанұлы


Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстанда іске асқан жобалар әртүрлі салаларда, соның ішінде медицина, білім беру, қаржы және өнеркәсіпті автоматтандыру сияқты салаларда адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Атап айтсақ:


Фото: Freepik


«Nommi – Қазақстандық стартап, Wi-Fi роутерлерін әзірлеуге маманданған. Бұл роутерлер әлемнің кез келген жерінде интернетке қосылу мүмкіндігін ұсынады. Nommi жобасы арқылы адамдар сапарда жүргенде де, жұмыс істегенде де өздерінің құрылғыларын интернетке қоса алады.
ClocksterЖұмыс уақытын бақылау­ға арналған ЖИ негізіндегі платформа. Clockster компанияларға қызметкерлерінің жұмыс уақытын басқаруға көмектеседі, бұл, өз кезегінде, жұмыс үрдісін жетілдіріп, өнімділікті арттырады.
BI GroupҚазақстанның құрылыс секторында жасанды интеллект пен технологияларды қолдану бойынша жетекші компаниялардың бірі. Олар құрылыс процестерін автоматтандыру және тиімділігін арттыру үшін ЖИ технологияларын пайдаланады.
SmartSatu – E-commerce саласындағы стартап, ол логистика және тасымалдау процестерін оптимизациялау үшін жасанды интеллектіні қолданады. Бұл жоба өнімдерді жылдам әрі тиімді жеткізуге көмектеседі.
Enbek Қазақстанның жұмыспен қамту порталы, ол жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты жеңілдету үшін ЖИ элементтерін қолданады. Бұл платформада жұмыс іздеу және талап етілетін дағдыларға сәйкес жұмыс орындарын табу процесі оңтайланған.


Бұл жобаларҚазақстандағы инновация мен жасанды интеллект саласындағы кейбір сәтті қадамдар бар екеніне дәлел


Ақбота Мұсабекқызы