Фото: Zakon.kz
Алматы құтқарушылары дереу реанимациялық шаралар жасап, ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Ult.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыдағы құтқарушылар Жетісу ауданындағы Белорусская көшесіне шақыртумен барды.
Тұрғын үйдің жертөлесінде тұрмыстық заттар жанып, қою түтін пайда болған.
"Барлау кезінде құтқарушылар жертөледен ес-түссіз жатқан 1973 жылы туған ер адамды тауып, сыртқа алып шықты. Оқиға орнында олар дереу реанимациялық шаралар жасап, оны өмірге қайтарды. Кейін ер адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Өрт толығымен сөндірілді", - делінген хабарламада.
