03 жел, 2025 сағат 16:56

Алматыда жедел жәрдем жол апатына түсті: фельдшер көз жұмды


Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі


Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.


Оқиға 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған.


"Жедел жәрдем көлігі Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, бұрылғанда Киа көлігімен соқтығысты. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылған. Бұл көліктегі адам алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды", - дейді ведомство.


Екі автокөліктің де жолаушылары әртүрлі дене жарақатын алған.


Полиция қаза болған әйелдің жедел жәрдем қызметкері болуы мүмкін екенін айтты. Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы жедел жәрдем мекемесіне хабарласты. Олар марқұмның фельдшер екенін растады.