10 қыр, 2020 сағат 16:25

Жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің еңбекақы қоры және штаты артады

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды тапсырды. Бұл ведомство 2014 жылы Ішкі істер министрлігіне қосылу арқылы таратылған болатын. Кеше Президенттің Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды. ТЖМ құрылымына Төтенше жағдайлар комитеті құрылымдық бөлімшелерімен толықтай енетін болады, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті бөлімшелері және Ішкі істер министрлігіне бұдан бұрын берілген басқа да қызметтер кіреді», - деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, еңбекақы төлеу қорын арттыру, жаңа қызметтер санатын енгізу мәселесі бар. 

«Сонымен қатар, мемлекеттік органды қайта тіркеу бойынша қажетті ұйымдастыру шаралары ескерілген. Аталған сомада бізде еңбекақы төлеу қоры бойынша 233 млн теңгеге жуық өсім қарастырылған», - деді министрдің орынбасары.