26 қыр, 2022 сағат 10:17

Жәнібек Әлімханұлының нокауты үздіктер қатарына кірді

Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың үздік нокауттары тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі мамырда өтті. Әлімханұлы екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген еді. Сол кезде осы жеңісінің арқасында ол орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион белбеуіне ие болды.