17 нау, 2020 сағат 07:03

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 28 наурызға жоспарланған кезекті жекпе-жегі кейінге қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жек тоқтатылды», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram -дағы парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының 28 наурызда кіммен жұдырықтасатыны туралы жазған болатынбыз.