16 сәу, 2020 сағат 12:18

Жапония коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізді

Коронавирус пандемиясына байланысты Жапония ел бойынша төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санының артуына байланысты Жапонияда төтенше жағдай режимі енгізіледі. Кеше COVID-19-ды жұқтырған 741 адам анықталды», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram-каналында.