28 там, 2020 сағат 11:13

Жапонияның премьер-министрі денсаулығына байланысты отставкаға кетуге ниетті

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кетуге ниетті, деп хабарлайды Kyodo News.

Еске сала кетсек, 2006 жылы 52 жастағы Синдзо Абэ соғыстан кейінгі кезеңде елдің ең жас премьер-министрі болды. Алайда, небәрі бір жыл өткен соң, 2007 жылы созылмалы ауруының асқынуы себебімен отставкаға кетті.

2012 жылдың желтоқсан айында ол қайтадан Жапонияның премьер-министрі болды. 

2020 жылдың 24 тамызында Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметінде үздіксіз болудан рекордшы атанды.