22 мау, 2022 сағат 16:43

Желіде Қызылорда қаласында болған төбелестің видеосы тарады


Қызылордада бейнебақылау камераларына кірпішпен шабуыл жасау дерегі түсіп қалды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 15 маусым күні түнгі сағат 02:00 шамасында қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы қала тұрғынын белгісіз екі азамат кірпішпен ұрып-соғып жатқандығы анықталған. Қала аумағында орын алған қылмыс туралы дереу патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілген. Жедел-тергеу тобымен оқиға орнында 43 және 37 жастағы масаң күйдегі азаматтар ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.



Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Айта кетерлік жәйт, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері жыл басынан бейнекамералардың көмегімен 65 қылмысты ашқан.