18 мау, 2020 сағат 12:40

Жергілікті әкімдіктерге халықты ПТР тестілеумен қамту тапсырылды

Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында өңірлердің әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Үкімет басшысы аталған отырыста өңірлердің әкімдіктеріне мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;

- ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;

- меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;

- жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

- үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);

- халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралған болатын.

Кеше Президент Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды деген еді.