30 қаң, 2023 сағат 18:12

Жетісу облысында ауыл тұрғыны орман алқабын отап тастаған

Фото: autogear.ru

Жетісу облысында ауыл тұрғыны бүкіл орман алқабын отап тастаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер Панфилов ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Ынтымақ ауылының маңындағы барлығы 56 қарағашты кесіп тастаған. Ер адам кесілген ағаштардың бір бөлігін үйіне апарып үлгерген.

Ағаш тәркіленді. Заңсыз кесу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адам ағашты отын жинау үшін кескенін айтқан. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асты.