30 мам, 2023 сағат 17:18

Жетісу облысында тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды

сурет ашық дереккөзден алынды

Жетісуда ауыл тұрғындарына мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеп беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Панфилов ауданының полицейлері Жаркент қаласының 50 жастағы тұрғынын күдікті деп таныған бірқатар алаяқтықты тергеуді бастады.

Аудандық полицияға 10 адам арызданған. Олардың көбі - ауылдық жердің тұрғындары. Жәбірленушілер мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны ресімдеуге жәрдемдесуге уәде берген бейтаныс әйелге қатысты шаралар қабылдауды талап етіп отыр. Олардың әрқайсысы ресімдеу процесін тездету үшін күдіктіге 100-300 мың теңгеге дейін бергендігі белгілі болды. 

"Жергілікті тұрғын анықталып, аудан бөліміне жауап алу үшін жеткізілді. Әйелдің дәрігер емес екендігі және оның осындай жәрдемақыларды тағайындауға жауапты МӘС-пен (медициналық-әлеуметтік сараптама) ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірген залал шамамен 1,5 млн теңгені құрады", - дейді Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев. 

Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр.