01 қыр, 2020 сағат 11:41

Жолдауда айтылған әрбір тапсырманы орындауға барынша күш салу керек - депутат

Жолдауда көрсетілген әрбір тапсырманы орындауға барынша күш салу керек. Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына қатысты осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент жолдауында, ең алдымен, Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шаралар көрсетілген. Мен Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын. Депутат ретінде Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға күш саламын. Әр қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру үшін Мемлекет басшысы ұсынған шаралар ерекше назар аудартады. Әсіресе, мемлекетіміздің әл-ауқатының негізін құру мақсатында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларды атап өту керек. Әрине, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін ұсынылған шаралар үлкен назар аударуды қажет етеді», - дейді депутат. 

Оның айтуынша, Жолдауда көрсетілген әр тапсырма олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін барынша күш жұмсауды талап етеді. 

«Менің ойымша, бұл тапсырманы мемлекеттік органдар, Үкімет пен Парламент толығымен шешіп жатыр. Пандемия Қазақстан экономикасына және әлем экономикасына айтарлықтай әсер еткен жағдайда бұл кезектен тыс шаралар қабылдауды қажет етеді. Менің ойымша, бұл - жақсы қадам», - дейді ол.