Фото: qamqor.gov.kz
Түркістан облысының ішкі істер органдарында тексеріс жүріп жатыр. Бойжеткен өзін полицейлер жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін айтып, арызданған. ІІМ өз қызметкерлерінің аталған оқиғаға қатысы бар-жоғын тексеретіндерін айтты, деп хабарлайды Ult.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ІІМ түсіндіріп өткендей, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша "Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл ретте ведомство аталған полицейлер теріс себептермен қызметтік тексеру нәтижелері бойынша полициядан шығарылғанын атап өтті.
"Бұрынғы полиция қызметкерлерінің ықтимал қатысы туралы ақпарат толық көлемде тексеріледі және сотқа дейінгі тергеу шеңберінде оған түбегейлі құқықтық баға беріледі", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешенді шаралары жүргізіліп жатқаны нақтыланады.
Бұл реттегі тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.
