
Оқиға команданың жаттығуы алдында болған. Зиданның көлігі басқа көлікпен соқтығысып, бапкердің темір тұлпары бүлінген.
Басылым мәліметінше, бапкердің өзі зардап шекпеген. Оқиғадан кейін Зидан соқтығысқан өзге көліктің жүргізушісімен сөйлесіп, жағдайды реттеген екен.
Болған оқиғаға қарамастан, Зидан жаттығуға уақытында келіп, оны өткізген. Осыдан кейін баспасөз мәслихатына барған.

