07 нау, 2024 сағат 12:09

20 градус аяз: Синоптиктер күн қайта суытатынын айтты


Синоптиктер Қазақстанда 7, 8 және 9 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Термометр бағаны күндіз мынадай белгіге жетеді: республиканың батыс облыстарында 0-8 градус жылы, солтүстік облыстарда 4 градус аяз - 1 градус жылы, оңтүстік облыстарда 10-20 градус аяз болады, - делінген хабарламада.

9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі.