Фото: Inform.kz
Әншінің таланты мен сахнадағы шеберлігі әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында жоғары бағаланып, «Voice Beyond Horizon» жобасында бірінші орынды иеленіп, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды, деп хабарлайды Ult.kz Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен Түркістанда басталып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, Астанада қорытындыланды. Оған Қытай, Малайзия, Сербия, Италия, Қырғызстан және Қазақстаннан қатысушылар жиналды.
Қатысушылар еліміздің киелі жерлерін аралап, қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен танысты.
Нұржас Садырбаевтың өнерін «Көкжиектен асқан үн» жобасының алдағы шығарылымдарында «Qazaqstan» телеарнасынан көре аласыздар.
Бұған дейін Димаштың шоуы халықаралық рейтингтерде көш бастағанын жазғанбыз.
