19 қар, 2020 сағат 09:22

23 қарашада «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтеді

23 қарашада «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Партия Бюросы қабылдаған шешімге сәйкес 2020 жылғы 23 қарашада «Nur Otan» Саяси кеңесінің отырысы өтеді», - деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.

Еске салайық, кеше Б. Байбек үш айға жалғасқан «Nur Otan» партиясының тұңғыш республикалық праймеризі аяқталғанын мәлім еткен болатын.