24 жел, 2020 сағат 06:04

24 мың қазақстандық короновирустан емделіп жатыр – министрлік

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 126 адам короновирус инфекциясынан (12 181 КВИ+ және 11 945 КВИ) емделуде, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Олардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 231 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.