22 ақп, 2021 сағат 11:20

25 ақпанда Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтеді

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Іс-шараға түрлі өңір қосылып, онлайн форматта өтеді. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстарды, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады», - деді Қарин. 

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.