04 жел, 2020 сағат 05:50

3 желтоқсанда коронавирустық пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Өткен бір тәулікте Қазақстанда COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған 225 адам тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәліметке сенсек, 3 желтоқсанда коронавирустық пневмонияға шалдыққан 2 науқас көз жұмып, 64 адам жазылды. 

Жалпы, 1 тамыздан бері 42 680 науқас және 448 өлім жағдайы тіркелді. 30 792 адам сауығып шыққан.