23 мау, 2025 сағат 09:27

​​65 оқушы «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Фото: ҚР ОАМ

8–11 сынып оқушылары арасында өткен XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Байқау бес номинация бойынша өткізілді. Алғашқы кезеңге 1300-ден астам оқушы қатысса, олардың тек 112-сі финалға өтті, оның ішінде 39-ы ауыл мектептерінің оқушылары. Сонымен қатар Алтай өлкесі, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түрікменстан елдерінен 20 халықаралық қатысушы бақ сынады.

Байқау нәтижесі бойынша 65 оқушы жүлдегер атанды:

  • I дәрежелі диплом мен алтын медаль — 15 оқушыға;
  • II дәрежелі диплом — 20 оқушыға;
  • III дәрежелі диплом — 30 оқушыға берілді.

Қосымша 20 оқушыға Құрмет грамотасы табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Халықаралық қатысушылар арасынан да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды.