Фото: видеодан скриншот
Жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлайды Ult.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған.
27-29 сәуір аралығында елде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді. Үш күн ішінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.
27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.
Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
