23 жел, 2021 сағат 20:57

Абай феноменіне қатысты екі зерттеу кітап жарық көрді


Филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа кітаптар Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» тақырыбында халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстелде таныстырылды. Жиынды жоғарғы оқу орнының Түркітану кафедрасы ұйымдастырды. 

Жиын барысында түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ш. Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті. 

Жиын соңында университет ректоры Ерлан Сыдықов мерейтой иесін «Күлтегін» медалімен марапаттады.