Фото: top-sto.kz
Батыс Қазақстан облысында автожуу орнында көлігі зақымданған жүргізуші сот арқылы материалдық шығын өндіріп алды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Chery Tiggo 2 Pro көлігіне қатысты болған. Көлік иесі автожуу қызметін пайдаланғаннан кейін жабдық толық тоқтамай тұрып, қызметкер оған кілтті берген.
Жүргізуші есікті ашқан сәтте жуу жабдығы әлі қозғалыста болып, көлікке зақым келтірген. Автожуу орнының өкілі керісінше, кінәні клиентке артып, оның өзі есікті ашқанын алға тартқан.
Істі қараған сот бейнебақылау жазбаларын зерттей келе, қызметкердің қауіпсіздік талаптарын бұзғанын анықтады. Яғни жабдық толық тоқтамай тұрып, кілт иесіне берілген.
Нәтижесінде сот талап қоюшының талабын ішінара қанағаттандырды.
Сот шешімімен автожуу орнынан:
357 446 теңге материалдық шығын
3 574 теңге мемлекеттік баж
50 000 теңге бағалаушы қызметі
35 745 теңге өкілдік шығын өндіріп алу туралы шешім шығарылды.
Автожуу орны иесінің қарсы талабы қанағаттандырылған жоқ. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
