Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты музыкалық кеш өтті.
Кеш барысында бұрын-соңды орындалмаған Абайдың шығармалары алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Жаңаша музыкалық өңдеулер мен заманауи аранжировкалар арқылы Абай мұрасы жаңғырып, көрерменге өзгеше әсер сыйлады.
Концерттік бағдарламада «Желсіз түнде жарық ай», «Көк тұман алдындағы келер заман», «Татьянаның хаты», «Қоңыр жел», «Кіші айдай», «Ақтолқын» және т.б. шығармалар орындалды.
Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысты: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ерболат Шалдыбеков, Айгүл Елшібаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали, Толғанбай Сембаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Бауыржан Мұхаметбай, Дарын Құдайберген, Біржан Айтахмет, Айдос Саниязбек, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Жанту Дадабаев, Жаслан Кәрім, Дильназ Жанбырбай, Дәрия Бекпенбет, Рүстем Әмірбеков, Рүстем Нүркенов және Диана Алтайқызы.
