Фото: Ашық дереккөз
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған мектеп оқушысына қатысты ауыр қылмыстық іс тергеліп жатыр. 25 жастағы ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы — «Зорлау» дерегі бойынша жүргізілуде.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және мұқият тексеріп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.
«Тергеу мүддесіне және кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Іс қоғам назарын аударып отыр. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты.
