24 сәу, 2026 сағат 17:47

Оралда 1,6 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды


Фото: ІІМ


Орал қаласында ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Полицияның мәліметінше, күдікті 6–20 сәуір аралығында жәбірленушімен таныстығын пайдаланып, оның пәтеріне еркін кірген. Ол жатын бөлмеден ақша қаражатын жасырын түрде алып кеткен.


Келтірілген жалпы шығын 1,6 млн теңгеден асады. Ұрланған қаражаттың ішінде ұлттық және шетел валютасы болған.


Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсағанын айтқан.


Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Полиция азаматтарды жеке мүлкін сақтауға мұқият болуға және күмәнді жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.