26 қыр, 2022 сағат 15:43

"Алматы марафонда" жаңа рекорд тіркелді


"Алматы марафонда" жаңа рекорд тіркелді. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар Instagram-парақшасында хабарлады.

"Достар, жаңа рекорд. Шедрак Коеч Алматы марафонында 42 шақырымда жаңа жол рекордын орнатты: 02:21:27. Бұл рекорды үшін жеңімпаз 100 000 теңге көлемінде бонустық ақшалай сыйақы алды" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар мәреге жеткен барлық қатысушыға алғыс білдіріп, жеңімпазды жаңа жол рекордымен құттықтады. 

Еске салайық, кеше, 25 қыркүйекте Алматыда "Алматы марафон" өткен болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолы марафонға 12 мың адам қатысқан.