Фото: threads.com/@aisars08
Алматы–Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам кенеттен қайтыс болды. Бұл ақпаратты «Қазақстан темір жолы» компаниясы растады.
Оқиға 27 сәуір күні болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушының қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып құлаған.
Компания мәліметінше, 1966 жылы туған азаматтың жағдайы сапар барысында күрт нашарлаған. Пойыз бастығы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
Алайда оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтады.
