04 мам, 2026 сағат 14:19

Алматыда 9 жерде шомылуға қатаң тыйым салынды


Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Алматы қаласында жалпы 44 су айдыны бар, олардың 9-ы шомылуға қауіпті деп танылған. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімінің басшысы Андрей Быбченко мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Оның айтуынша, аталған орындарда су тереңдігі, ағыстың қаттылығы және арнайы жабдықталған шомылу аймақтарының жоқтығы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қауіпті деп танылған нысандар қатарында қаланың бірнеше ауданындағы өзендер мен тоғандар бар.


Атап айтқанда:


«Шаңырақ» ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені — Алатау ауданы;
«Дархан» ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені — Алатау ауданы;
«Қарасу» ықшам ауданындағы тоған — Алатау ауданы;
Үлкен Алматы өзені (Әл-Фараби — Науаи) — Бостандық ауданы;
«Кемел» ықшам ауданындағы Первомай тоғандары — Жетісу ауданы;
Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрылыс) — Медеу ауданы;
Юннат көлі — Медеу ауданы;
Әуежай көлі — Түрксіб ауданы;
Қарасу өзенінің иірімдері (Шестуха) — Түрксіб ауданы.



Құтқарушылардың айтуынша, қазіргі уақытта су айдындарының ешқайсысы толық жұмыс істемейді. Сайран көлінде су жоқ, ал Үлкен Алматы каналында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.


Мамандар тұрғындарды ескертулерді елемеуге, тау өзендерінің ағысын бағаламауға және жабдықталмаған жерлерде суға түсуге болмайтынын қатаң ескертеді. Сонымен қатар, құтқарушылардың болмауы мен ауа райының кенет өзгеруі де қосымша қауіп төндіретіні айтылды.