
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 1477 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, шаһарға биылғы жылдың 11 айында 81952 шетелдік азамат келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64,7% – ға аз.
«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 310 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 1 477-і шетел азаматы. Жыл басынан бері басқа мемлекеттердің 238 азаматы елден шығарылды. Биыл шетелдіктер жасаған 274 қылмыс тіркелді, оның ішінде қылмыстардың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған. Жалпы қалада көші-қон бойынша ахуал тұрақты», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
