02 шіл, 2021 сағат 14:04

Алматыда мереке күндері қандай мәдени шаралар өтеді?


Санитарлық нормаларды сақтау және коронавирус инфекциясының өсуіне жол бермеу мақсатында Астана күніне арналған негізгі шаралар онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәдениет басқармасының мәліметінше, карантинге байланысты кейбір негізгі шаралар онлайн режимінде өтеді. Сонымен қатар, Алматыда мерекелік отшашу болмайды. 

2 шілде күні Алматы музейінде «Алтын қазық – Астана» көрмесі (оффлайн/онлайн) форматта өтеді. Көрменің мақсаты: Алматылықтар мен қала қонақтарын Елорда құрылысы тарихының жекелеген сәттерімен таныстыру, тек өз саласында танымал мамандар есімі мен еңбегін халыққа паш ету, заманауи қазақстандық сәулет өнерін насихаттауға үлес қосу. 

Көрмеде Нұр-Сұлтан қаласы үшін жасалған бірегей нысандардың идеясы туындаған сәттен жүзеге асырылғанға дейінгі кезеңдері графикалық форматта ұсынылады. 

Сонымен қатар, 5 шілде күні Д.А. Қонаев музейі «Ел жүрегі – Елорда» тақырыбында фотокөрме (онлайн) ұйымдастырады. Шара барысында музей қорындағы елордамыз жайлы фотосуреттер мен кітаптар келушілер назарына ұсынылады. Мақсаты: елордамыздың қалыптасу тарихын жас ұрпаққа фото-құжат арқылы насихаттау, Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерін таныстыру ақылы қала тынысын кеңінен сезіндіру.

5-шілде сағат 18-30 да «Алатау» дәстүрлі өнер театры» Елорда күніне орай «Ертегідегідей Елорда» атты кешпен тетрдың 4 – маусымының шымылдығын жабады. 

Кеште дәстүрлі әндермен қатар ұмыт болып бара жатқан, көне дәстүрлі ән-жырлар да орындалады. Театрдың толық шығармашылық тобы (70 ке жуық артист) өнер көрсетеді. Сондай – ақ, бұл кеште дәстүрлі ән мектебінің бесеуі де қамтылмақ. Алатау фольклорлық ансамблі мен мың бұралған бишілер кештің сәнін одан әрі әрлендіре түсепек.

6 шілде - С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені «Астана ажары» көрмесі (онлайн) өткізеді. Ол жерде Елорданың символы, астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен танысуға болады.

Шараның мақсаты- елімізге деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру.

6 шілде күні Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Ел тірегі – Елорда» (онлайн) форматта семинар өтеді. Жиында Нұр-Сұлтан қаласының тарихы, мәдениеті, дамуы жолы баяндалады. ҚР Тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы көрсетіледі. 

6 шілде сағат 12.00, 14.00 халық ертегісі «Ер Төстік» (реж.: Е.Қабдыл) қойылымының премьерасы (оффлайн ) көрсетіледі.

6 шілде сағат 18.00 «Арман әлемі» ертегісі – Qazaq радиосынан мерекелік радиоспектакль (онлайн)

5-8 шілде аралығында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елорда күніне орай көптеген тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Қазақ мемлекеттік циркінде 3 шілде мен 15 тамыз аралығында цирк артисі, аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «HELLO CIRCUS» атты жаңа бағдарламасы өтеді. 

Ал 5 шілде Елорда күніне орай Қазақ мемлекеттік циркі мүмкіндігі шектеулі балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, интернаттар мен аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық қойылымын өткізеді.