Фото: Фестивальдің баспасөз қызметі
2024 жылы 26 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы ұйымдастырған THE PLANET OF ART - 2024 Халықаралық жастар Фестивалінің финалистер мен жоба жеңімпаздарының жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
2024 жылы THE PLANET OF ART-2024 Халықаралық жастар фестивалінің көркемдік циклі ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра объектілері туралы білімді зерделеуге және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының 15 жылдығына арналып, Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен ассоциацияларының Федерациясында төрағалық етуі аясында өткізілді. Әлемнің 34 елінен 3 пен 18 жас аралығындағы мыңдаған балалар мен жастар өздерінің Әлемдік мұра нысандарын көрсететін жұмыстарын ұсынды.