25 қар, 2023 сағат 20:22

Әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден озды

© Photo : Сәкен Майғазиевтің желідегі парақшасы

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Сәкен Майғазиев жеткізді.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде қазіргі Түркістан облысындағы Арыс қаласында дүниеге келген.

1978-1985 жылдары "Дос-Мұқасан" ансамблінің құрамында әнші болды.

1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салды.

1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды.

2010 жылдан бастап қайтадан "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі болды.

Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет ордені және Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.