31 мам, 2023 сағат 20:52

«Әруаққа тағзым» іс-шарасы өтті

Фото: Мақсат Құсайынов

31 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» Қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді.

Атап айтқанда, дүниеден өткен қаламгерлердің басына зиярат етіліп, құран бағышталды. Кеңсай зиратында тазалық жүргізілді. Сондай-ақ жазушылар туралы естеліктер айтылып, ақындардың өлеңдері оқылды. «Өлі разы болмай, тірі байымас» демекші, әруақтарға бағыштап мал сойылып, кішігірім ас берілді.

Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ.