15 ақп, 2021 сағат 15:20

Астана автобустарында тегін жүретіндердің карталарына сараптама жүргізілмек

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Камалимов әлеуметтік аз тамтылған топқа кіретін тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүру карталарының пайдаланылуына сараптама жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде қала бойынша жеңілдігі бар жол жүру картасын шамамен 120 мың адам пайдаланады. Қалай дегенде де, валидация бойынша сараптама жүргізуді тапсырар едім. Өйткені, қалада көпшілігі халықтың аз қамтылған тобы ретінде есепте тұрғанымен қоғамдық көлікпен жиі жүре бермейді. Осыған орай сараптама жасап, есебі бойынша іс жүзінде төлем жасауды өтінемін. Себебі бұл бюджет ақшасы. Егер адамдар картаны пайдаланбаса, оған несіне төлем жасаймыз», - деді ол елорда мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында. 

Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуеттік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Илья Скуб STC компаниясы іс жүзінде 3 млрд теңгенің валидациясы жасалғаны туралы есеп беретіндігін және ол тізіммен сай келетіндігін айтты. 

«Олардың барлығы бірдей картаны пайдаланбайтындығы түсінікті. Бірақ, күніне бірнеше рет қоғамдық көлікпен қатынайтындар бар. Олар (STC компаниясы) қалай болғандада да аталған соманы толық игереді», - деді Илья Скуб.