Атырау қаласында 112 пультіне Жайық өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыздың суға секіргені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға орнына өзен жағасындағы құтқару бөлімшесінен Marlin қайығымен құтқарушылар жедел аттанды. Олар шамамен 4 шақырым қашықтықты еңсеріп, оқиға орнына небәрі 4 минутта жеткен.
Құтқарушылар су бетінде ағыс алып кеткен қызды көпірден шамамен 800 метр қашықтықтан байқаған. Олардың бірі суға секіріп, қызды ұстап тұрса, қалғандары құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа шығарған.
2011 жылы туған жасөспірім жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
