Қарағанды облысы Теміртау қаласында шайыр өңдеу цехында өрт шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде +10 м белгісінде шайырдың, ректификациялық колоннаның антрацен фракцияларының, сондай-ақ нафталин және майлы шөгінділердің жануы орын алғаны анықталды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрт сөндірушілердің әрекетімен су шығыны жоғары оқпандар беріліп, автосаты қолданылды, оның көмегімен өрт ошағына көбік берілді.
Өрттің таралуына жол берілмей, жарылыс қаупінің алдын алынды. Өрт 45 ш.м. алаңда толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
