24 сәу, 2026 сағат 17:43

ДДСҰ басшысы Қазақстандағы құда-құдағиына қонаққа барды

Фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшы Тедрос Аданом Гебрейесус Астанаға сапары барысында Қазақстандағы құдаларына қонаққа барды, деп хабарлайды Ult.kz.

Белгілі болғандай, ол ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер Жүрсін Ерманның құдасы. Жүрсін Ерманның немересі Айдана Тедрос Гебрейесустың ұлдарының біріне тұрмысқа шыққан.

ДДСҰ басшысы кездесуден видео жариялап, қазақстандық туыстарына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді.

«Құдағи Ардақ пен құда Дәулетке тамаша кеш үшін рақмет. Қазақстандағы құдаларыммен бірге керемет уақыт өткіздім. Күлкі, махаббат және бір шаңырақ астында айтылған әсем әндер», — деп жазды ол.


Сонымен қатар Тедрос Гебрейесус үш немересі үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанды «екінші үйім» деп атады.

«Маған үш керемет немере сыйлағандарыңыз үшін рақмет. Олар – менің барым. Қазақстанда болғаныма өте қуаныштымын. Отбасы – жүрек ән салатын орын, бүгін ол бақытқа толы», — деді ол.



Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ бас директорымен кездесу өткізген болатын.