21 қаң, 2026 сағат 10:58

Азамат Сатыбалды "Парасат" орденімен марапатталды

Фото: Instagram.com

Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды Президент жарлығымен “Парасат” орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Қуанышты хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Бүгін, президентіміздің жарлығымен "Парасат" ордені иегері атандым. Аллаға сансыз шүкір. Сенім артып, қасымнан табылған жақындарыма алғысым шексіз. Сүйікті де, сүйкімді көрерменім мен жанашыр оқырмандарыма рахмет. Жандарым сол. Бәріңді жақсы көремін. Бәріңе жұғысты болсын. Жаратқанның берері таусылмасын. Жыл жақсы босталды. Тек алға!" – деп жазды ол.