
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев пен Парламент мәжілісі депутаттығынан үміткер Дания Еспаева Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар «Ақ жол» партиясының сайлауалды компаниясы барысындағы қызметі, сайлау барысын бақылау және жалпылай алғанда «Ақ жол» партиясы мен Еуропалық Одақтың Қазақсандағы өкілдігі арасындағы әріптестік мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Азат Перуашев Еуропалық Одақтың елшісін партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды, партияны қолдау жөніндегі және сайлау барысын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының кандидаттары Шымкент қаласындағы «Медикер» медициналық бірлестігі ұжымымен кездесті. Кездесуге медициналық мекеменің дәрігерлері, қала жастары, партия мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.


