12 қаң, 2021 сағат 15:23

Барлық партия саяси үгіт-насихат науқанында әлеуметтік желілерді қолданды – сарапшы

Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында саясаттанушы Марат Шибұтов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлау нетижелері жарияланды, «Nur Otan» Мәжіліске қарағанда мәслихаттарда көбірек дауыс жинады. Бұрын «Nur Otan» партиясынан 35 депутат, «Ауыл» партиясынан 1 депутат, «Ақ жол» партиясынан 1 депутат болған. Енді «Nur Otan» партиясынан 29 депутат, «Ақ жол» партиясынан 4 депутат, «Қазақстан халық партиясы» мен «Ауыл» партиясынан 4 депуптат бар. Жағдай осылай өзгерді. Барлық облыс бойынша осылай. Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлау кезінде де осындай жақсы нәтижелер болады деп ойлаймын», - дейді саясаттанушы Марат Шибұтов. 

Ол сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына БАҚ құралдары қалай ықпал еткенін айтты. 

«Барлық партия үгіт-насихат науқаны кезінде сыртқы жарнаманы, кездесулерді, әлеуметтік желілер мен пабликтерді қолданды», - дейді ол.