
Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығымен әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдері І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Оның арасында көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеев те бар. Полиция полковнигі II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оңал Ботайұлы Бекеев ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы ҚР ІІМ қарасты МКҚД үкіметтік мекемелерді және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі милиция полкінің инспекторы лауазымынан бастаған.
1999-2015 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарды.
2018 жылы Алматы облысының ПД бастығының орынбасары болды, ал 2019 жылдың қазан айынан бері – көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарып келеді.
Бүгінгі күні Оңал Бекеев басшылық ететін көліктегі ПД еліміздің әуе және темір жол нысандарындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Аталған нысандар - халық көп шоғырланатын орындар. Сондықтан көлік полицейлерінің қызметі қашан да зор маңызға ие.
«Осындай жауапкершілігі жоғары қызметтің басы-қасында жүрген тәжірибелі басшы, полиция полковнигі О. Бекеевті «Айбын» ордені марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да қызметіне абырой мен сәттілік тілейміз!» дейді департамент ұжымы


