Бүгін, 10 тамызда ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, деп хабарлайды Ult.kz.
2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілген болатын.
Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде Абай күні тойланып, түрлі шаралар өтіп жатыр. Ұлы ойшыл Абайдың туған жері Абай облысында он күн қатарынан түрлі ғылыми-мәдениіс- шаралар, концерттік бағдарламалар, конференциялар мен қойылымдар өтіп жатыр. Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай еліміз бойынша 5 000-нан астам іс-шара жоспарланған.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірінде Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (қазіргі Абай облысы Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим, әжесі еркелетіп "Абай" деп атаған. Дүйім жұртқа "Абай" есімімен танылды. Абай Құнанбайұлы ақын, жазушы, ойшыл-философ, зерттеуші ғана емес, композиторлық қыры да болғаны баршаға мәлім.
