01 қаң, 2022 сағат 15:04

Бүгін Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды - Президент


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қаңтарда қазақтың күміс көмей әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның "Халық Қаһарманы" атағына да ие болды", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

Роза Бағланова Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941 жылы оған Мәскеу консерваториясына жолдама берілді, бірақ соғыс басталып, ол Өзбек КСР-нің мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблімен бірге майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында әншінің шығармашылық жолы басталды.

Әртістер бригадасының құрамында жүрген ол Кеңес әскері жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті. Әнші Лидия Русланованың репертуарынан әндер мен частушкалар, соның ішінде әйгілі "Ах, Самара-городокты" шырқайтын.