03 қаң, 2021 сағат 05:00

Covid пен оған ұқсас пневмония: 846 адам ауырып, 10 науқас көз жұмды

1 қаңтар күні Қазақстанда 747 адамның тест нәтижесі коронавирус инфекциясын жұқтырғанын анықтаған. Алматы қаласы мен Павлодароблысында тәулік ішінде тіркелген науқастар жүзден асады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған қоса 99 адам коронавирусқа ұқсас пневомния шалдыққан. Covid салдарынан сегіз, оған ұқсас пневмониядан екі адам көз жұмған.

Алматы қаласында Covid жұқтырғандар қатары 118 адамға көбейген, Павлодар облысында 113 науқас анықталды.

Ең төмен көрсеткіш Қызылорда (2), Түркістан облыстарында (3) және Шымкент қаласында (4) тіркелді.

Аймақтар бойынша ахуал мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 67;
  • Ақмола облысы - 58;
  • Ақтөбе облысы - 10;
  • Алматы облысы - 47;
  • Атырау облысы - 65;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 38;
  • Жамбыл облысы - 15;
  • Батыс Қазақстан облысы - 35;
  • Қарағанды облысы - 40;
  • Қостанай облысы - 60;
  • Маңғыстау облысы - 14;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 58.

2020 жылдың наурызынан бері Қазақстанда жиынтығы 156220 адамға коронавирус инфекциясы жұққан. 143607 науқас дерттен жазылған.

Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны белгісіз. Ол жайлы мәлімет жарияланбады. 1 тамыздан бері елде 45 939 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 505-і қайтыс болған. 33 235 науқас айыққан.

3 қаңтардағы мәлімет бойынша, короновирус инфекциясынан 22 833 адам (10 646 КВИ+ және 12 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 980 пациент стационарда, 17 853 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 266 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.