Фото: Facebook.com
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен халықаралық эстрадалық әншілер фестивалінде қазақтың мақтанышы, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенге жоғары марапат табысталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығымен Димашқа Қырғызстанның Халық әртісі атағы берілді. Бұл құрмет екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайту жолындағы үлесі үшін беріліп отыр.
Қуанышты жаңалықты әншінің әкесі Қайрат Айтбаев хабарлап, алғысын білдірді:
"Рахмет, Қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай!", - деп жазды ол.
